Батыс Қазақстан облысының құрылыс

басқарма басшысының өмірбаяны.

 

 Қайсағалиев А.К.

 

Қайсағалиев Алтынбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, БАТ (Ұлыбритания) университетін бітірген. Инновациялар және технологиялар менеджмент саласындағы табиғи ғылымдар магистрі.

2005-2007 жылдары – «Астана Сәулет жобалау институты» ЖШС техник-конструкторы.

2007-2008 жылдары – Еуразиялық сараптау ғылыми-зерттеу институтының   инженер-конструкторы. 

2011-2012 жылдары – «Астана Innоvations» АҚ жобалау тобының менеджері.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің кеңесшісі, кейін инспекторы.

2013 жылдың наурыз-тамыз айларында – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Кеңсесінің жетекшісі.

2013-2015 жылдары – Орал қаласы әкім аппаратының басшысы.

2015-2016 жылдары – Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары.

2016-2018 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың 23 тамызынан – Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы.