1.«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекеме

2.Жалпы мәлімет:
«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

3.Басқарманың миссиясы:
Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағымемлекеттік саясатты іске асыру.

4.Басқарманың функциялары:
- облыстық коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу, реконструкциялау бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысады;
- аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алады;
- облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім береді;
- халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізеді;
- облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізеді;
- мемлекеттік инвестициялар есебінен, не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) барлық объектілерді мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 5. Басқарманың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары  және ережелеріне сәйкес әлеуметтік-мәдени мақсаттағы  жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау;
- Аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы  елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас  жоспарларын іске асыру жөніндегі  қызметті үйлестіру;
- объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялау) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асыру;
- Облыс аумағын қала құрылыстық игеру барысында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамаларының, мемлекеттік нормативтердің, сәулет және қала құрылысы туралы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық  маңызы ба қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
- “Батыс Қазақстан облысының құрылысы басқармасы” мемлекеттік мекемесіне  Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.

6. Басқарма басшылығы:

1

Басқарма
басшысы

Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы

2

Басқарма басшысының орынбасары

Антазиев Алибек Сайнович

3

Басқарма басшысының орынбасары

Имашев Дулат Бауыржанович

7. Заңды мекен-жайы:

БҚО, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, № 116 үй, индексі 090006.

8.Басқарманың ресми интернет-ресурсына сілтеме: www.stroy-bko.gov.kz