«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы, 090006, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй 3-қабат, 304-бөлме, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 50-43-24, Е-mail: zko.agis@bko.gov.kz

 

 

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқарма басшысының орынбасары  – 1 бірлік (D-О-2) санаты, индексі №01-01-1, жалақысы қызмет өтіліне қарай 163 166 (min) тенгеден  220 680 (max)  теңгеге дейін.

 

Функционалдық мiндеттерi:

1ндірістік-техникалық, жобалау-сметалық құжаттамалары, тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру және жалпы басшылық.

2. Облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты құруға және жүргізуге қатысу; басқа инвестициялық үрдістің қатысушыларымен бірге нысандарды бекітілген мерзімдерде іске қосу туралы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету; құрылыс, сәулет және  қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша республикалық және жергілікті атқарушы органдармен өзара байланысты қоса алғанда құрылысты, сәулет және қала құрылысын жалпы жүргізу; жетекшілік ететін нысандардың құрылыс барысына, құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуде техникалық қадағалауды ұйымдастыру жолымен мердігерлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының орындалуына тұрақты бақылау жүргізу; заңнамалық негізде бекітілген тәртіпте құрылыс нысандарының пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу және ұйымдастырылуын бақылау; пайдалануға берілген нысандарды коммуналдық меншікке тапсыру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау; инженерлік қызмет саласында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралардың дайындалуы мен іске асырылуын жүзеге асыруды бақылау; жобалау-сметалық құжаттамаларының уақытылы жасақталуын бақылау; тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына қатысты мониторингтің тиісті дәрежеде жүргізілуін бақылау; өзі басшылық ететін бөлімдер бойынша құрылысқа қатысты орындалған жұмыстар бойынша акттерге қол қою.

3.Ақпараттық-аналитикалық сипаттағы үлгілерді меңгеру, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау.

4. Қарауындағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау, жоспарлау, бақылау және дәлелдеу қабілетінің болуы, ұжымда қызмет атқара білу, адаммен қарым-қатынасы және тіл табысу, психологиялық үйлесімді болу. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары. Мамандығы - «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарының өндірісі, құрылыс), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (су ресурстары және суды пайдалану).

 

D-О-2  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдары  санаттарына  келесідей

талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік  қызмет  өтілі  үш  жылдан  кем  емес,  оның  ішінде

мемлекеттік  органның  штат  кестесінде  көзделген  келесі  төменгі  санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1санаттарынан  төмен  емес  лауазымдарда  немесе  Тізіліммен  айқындалған  «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда  төрт  жылдан  кем  емес,  оның  ішінде  мемлекеттік  органның  штат кестесінде  көзделген  келесі  төменгі  санаттағы  лауазымдарда  немесе  А-4,  B-5, C-4,  C-O-4,  C-R-2,  D-4,  D-O-3,  Е-3,  E-R-2,  E-G-1  санаттарынан  төмен  емес лауазымдарда  немесе  Тізіліммен  айқындалған  «А»  корпусының  мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарында  немесе  саяси  мемлекеттік  лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)  А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан

төмен  емес  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарда  немесе  Тізіліммен

айқындалған  «А»  корпусының  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарында  немесе саяси  мемлекеттік  лауазымдарда  немесе  Қазақстан  Республикасы

Парламентінің  депутаты  мәртебесінде  немесе  тұрақты  негізде  қызмет  ететін облыс,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  мәслихатының  депутаты мәртебесінде  немесе  халықаралық  қызметкер  мәртебесінде  қызмет  өтілі  үш жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық

немесе  облыстық  деңгейдегі  құқық  қорғау  немесе  арнайы  мемлекеттік

органдарының  басшылық  лауазымдарында  немесе  Қарулы  Күштер  әскери

басқару  органдарының  тактикалық  деңгейінен  төмен  емес,  жергілікті  әскери басқару  органдарының  немесе  әскери  оқу  орындарының  басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары  оқу  орындарынан  кейінгі  білім  бағдарламалары  бойынша

Қазақстан Республикасы  Президентінің  жанындағы  білім  беру  ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6)  ғылыми дәрежесі;

7)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда  жұмыс  өтілі  5  жылдан  кем  емес,  оның  ішінде  мемлекеттік  орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске  орнықтылық, бастамашылдық,  жауапкершілік,  қызметті  тұтынушыға  және  оны хабарландыруға  бағдарлану,  адалдық,  ынтымақтастық  және  әрекеттестік, қызметті  басқару,  шешім  қабылдау,  көшбасшылық,  стратегиялық  ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында өтеді.

Қосымша ақпарат:

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

 Өтініш

 

    

Мені__________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                        ___________________________________

  (қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.