«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы, 090006, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй 3-қабат, 304-бөлме, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 50-43-24, Е-mail: zko.agis@bko.gov.kz

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы – 1 бірлік (D-О-3) санаты, индексі №01-05-1, жалақысы қызмет өтіліне қарай 126 356 (min) тенгеден 170 599 (max)  теңгеге дейін.

Функционалдық мiндеттерi:

1. Жалпы басшылық және бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік сала, сумен жабдықтау және қоршаған ортаны қорғау нысандары бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу; бөліммен жетекшілік ететін нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті  мемлекеттік сатып алу өткізу үшін техникалық ерекшеліктер мен тапсырмалардың дайындалуын бақылау; әлеуметтік сала, сумен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау   нысандарында мемлекеттік қадағалау органдарымен жүргізілетін бірлескен тексерістерге және бақылау өлшеу жұмыстарына қатысу; әлеуметтік сала, сумен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау нысандарының аяқталған құрылысы жөніндегі қабылдау комиссиясына құжаттар жиынтығын ұсынуды бақылау; құрылысы аяқталған әлеуметтік сала, сумен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау нысандарын, жобалау-сметалық және техникалық құжаттамаларын коммуналдық меншіктерге тапсырылуына бақылау жүргізу; бөлім бойынша қажет есептің, ақпараттың, анықтамалардың уақытылы ұсынылуын бақылау; бөліммен жетекшілік етілетін нысандар құрылысына қатысты орындалған жұмыстар актілеріне бұрыштама қою.

3. Қарауындағы қызметкерлердің жұмысын болжау, жоспарлау, дәлелдеу және бақылау қабілеті болу; ұжымда қызмет атқара білу; адаммен қарым-қатынасы

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары орнынан кейінгі білім. Мамандығы - «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарының өндірісі, құрылыс), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (су ресурстары және суды пайдалану).

D-О-3  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдары  санаттарына  келесідей талаптар белгіленеді:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда үш жылдан кем емес;

3)  Қазақстан  Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе

тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  мәслихатының  депутаты  мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік  қызмет  өтілі  үш  жылдан  кем  емес,  оның  ішінде  орталық

немесе  облыстық  деңгейдегі  құқық  қорғау  немесе  арнайы  мемлекеттік

органдарының  немесе  Қарулы  Күштер  әскери  басқару  органының  тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан

Республикасы  Президентінің  жанындағы  білім  беру  ұйымдарында  немесе

шетелдің  жоғары  оқу  орындарында  Республикалық  комиссия  бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6)  ғылыми дәрежесінің болуы.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске  орнықтылық, бастамашылдық,  жауапкершілік,  қызметті  тұтынушыға  және  оны хабарландыруға  бағдарлану,  адалдық,  ынтымақтастық  және  әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында өтеді.

Қосымша ақпарат:

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

 Өтініш

 

    

Мені_________________________________________________________________________

_________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                        ___________________________________

  (қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.