ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асыру барысы

 

2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру щеңберінде 16 780,3 млн. теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған, оның ішінде 13 218,4 млн. теңге 21 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына, соның ішінде 4 көппәтерлі тұрғын үй бұзылған апатты тұрғын үй тұрғындарына арналған (МЖӘ принципі бойынша) және ауылдардағы 88 тұрғын үй құрылысына, сонымен қатар 3 561,9 млн. теңге 25 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары құрылысына.

Тұрғын үй құрылысына - 13 218,4 млн. теңге:

17 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендегі 88 тұрғын үй құрылысы:

- облигациялық қарыз (кредиттік тұрғын үй) – 8 684,994 млн. теңге (14 үй (Зашаған ауылы, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі ТЖЖ, және Ақсай қаласы));

- республикалық бюджет (арендалық тұрғын үй) – 1 817,402 млн. теңге (Орал қаласындағы 2 көппәтерлі тұрғын үй (Зашаған ауылы) және ауылдық елді мекендегі 6 тұрғын үй (Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы, Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылы);

- жергілікті бюджет (арендалық тұрғын үй) – 1 153,991 млн. теңге (ауылдық елді мекендегі 82 тұрғын үй (Бокейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталовка, Каратөбе, Таскала, Теректі аудандарында), ЖСҚ жасақтай және сараптама өткізу);

- «Байтерек Девелопмент» АҚ («КИК» ИҰ» АҚ) – 1 561,992 млн. теңге (1 тұрғын үй (Зашағанауылы)).                                                           
25 ИКИ нысандарының құрылысы 3 561,9 млн. теңге (РБ – 2 750,529 млн. теңге, ЖБ – 811,4 млн. теңге).

2018 жылға жоспар – 415,7 мың ш.м. тұрғын үй, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен 46,1 мың ш.м. тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланған. 

8 ай ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 289,1 мың ш.м. тұрғын үй қолданысқа берілді, оның ішінде  мемлекеттік қолдау есебінен 17,9 мың ш.м. (206 пәтер).

2018 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша жер телімдерін алу кезегінде тұрғандар саны – 104 710 адам, 3 691 жер телімін беру жоспарлануда.

Жылдың қорытындысы бойынша 6 көппәтерлі (688 пәтер) және ауылдарда 76 тұрғын үй (144 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда, барлығы 832 пәтер:

- 2 тұрғын үй облигациялық қарыз есебінен «ҚТҮҚЖБ» салымшылары үшін (Дақ №1, №43 (Орал қаласы) – 16,7 мың ш.м. немесе 210 пәтер);

- 1 тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (Дақ №39 (Орал қаласы) – 15,5 мың ш.м. немесе 180 пәтер);

- Орал қаласындағы 3 тұрғын үй апатты тұрғын үй тұрғындары үшін (16,8 мың ш.м. немесе 298 пәтер);

- 76 тұрғын үй ауылдық елді мекендерде – 7,3 мың ш.м. немесе 144 пәтер (Бөкей ордасы ауданы – 5 тұрғын үй, Жанғала ауданы – 1 тұрғын үй, Жәнібек

ауданы – 40 тұрғын үй, Қаратөбе ауданы – 14 тұрғын үй, Теректі ауданы - 16 тұрғын үй).

 

Батыс Қазақстан облысы

құрылыс басқармасының басшысы                                            А.К.Қайсағалиев